×
Биыл Алматының Индустриалды аймағында алты жоба іске қосылды

Жобалардың жалпы сомасы 9 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сөйлеген сөзінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров мәлім етті. Оның айтуынша, қалада шағын және орта индустриалдық кәсіпорындарына арналған өнеркәсіптік парктер қарқынды дамып келеді.

Шағын өнеркәсіптік парктер аумақтарында салаларды дамытуды ынталандыру мақсатында қазірдің өзінде жаңа жеңілдетілген несие өнімі – өнеркәсіптік ипотека енгізілді. Бұл өнім сатып алынған аумақтарды несиеге кепілдік ретінде пайдалануға мүмкіндік береді, бұл кәсіпкерлердің кепіл жүктемесін айтарлықтай азайтады.

Сондай-ақ, биыл 1,4 миллиард теңге инвестиция тартылып, 220 жұмыс орны ашылған үш шағын индустриялық парк іске қосылды.