×
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Адамбаев С. Алматының индустриялық аймағының даму барысымен танысты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сырым Адамбаев Алматының индустриялық аймағының даму барысымен танысып, ASSET полимерлік бұйымдар шығаратын зауытына барды. Кездесу барысында мәжілісмен еңбек ұжымының мәселелерін тыңдап, кәсіпорын мен жалпы саланың мәселелерін талқылады.

Зауыт 2020 жылы іске қосылды, өндіріске салынған инвестициялар 421 млн теңгеден асты. Кәсіпорын полимерлі құбырлар және жоғары сапалы тұрмыстық химия — сұйық сабын, кір жууға арналған гель, ыдыс жууға арналған құрал, кір сабын шығарады. Негізгі тұтынушылар — мектептер, балабақшалар, тамақтану орындары, «Хозяюшка» сауда желісі.

Бүгінгі таңда АSSET компаниясында 50 қызметкер жұмыс істейді. Жуғыш заттар өндірісінің орташа айлық көлемі 90 тоннаны құрайды. Өнімдер Орта Азия нарығында да ұсынылған.