Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталды, оған 100-ге жуық компания қатысты.
Қала кәсіпорындары «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша үздік атағы үшін күресті. Әр номинацияда үш жеңімпаз анықталды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша «Үздік өндірістік тауарлар» номинациясын Алматы индустриялық аймағында орналасқан «KazTigerTapе» ЖШС компаниясы жеңіп алды.
«KazTigerTapе» ЖШС – қаптама материалдарының ірі өндірушілерінің бірі. Алматы индустриялық аймағында өндіріс 2019 жылы іске қосылды, жыл сайын компания 1,5 мың тонна скотч және 750 тонна стрейч-пленка шығарады. Кәсіпорында 50 адам жұмыс істейді.
«Өндіріс кеңеюде, сапа жақсаруда, салауатты бәсекелестік өсуде – қаламыздың экономикасы дамуда. 2022 жылғы қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруы 2,8 трлн. теңгені құрады. Барлық қатысушыларға өз ісін дамытуда табыс, жаңа биіктіктер мен жетістіктер тілеймін. Сіздердің әрқайсыларыңыз жеңімпаз атануға лайықсыздар», — деп құттықтады Алматы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров.
Өңірлік іріктеу жеңімпаздары республикалық байқауға қатысады.