×
Индустриалды аймақта Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын талқылады

Мемлекет басшысының 2022 жылы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауын талқылау бойынша кездесу бүгін Алатау ауданындағы индустриялық аймақта ЖШС «АSSET» ұжымымен өтті.

Кездесуге Алматы қаласы мәслихатының депутаты «AMANAT» партиясының фракция мүшесі Бекенова Г., және партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Алдамбергенова Ж. қатысты.

Жалпы мемлекет басшысының жолдауда көрсеткен 5 негізгі бағдары бойынша толық талқыланып, өндіріс ұжымының тарапынан қолдау тапты. Кездесу барысында индустриялық зона аймағына қаладан тікелей қатынайтын автобус маршруты қосылса, жаяу жүргіншілер яғни тротуарлар орнату, көшенің жарықтығын және арнайы аялдамалар орнату жөнінде ұсыныстар айтылды.