×
«Индустриальная» т/ж станциясын жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасын орындау мақсатында Алматының индустриалды аймағында «Индустриальная» теміржол станциясын пайдалануға беру үшін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Бүгінгі күні ағаш шпалдарды (0,39 км жол сегментінде), темірбетон шпалдарын (548 дана), нөсер жинақтағышының бетон плиталарын және бағыттамалы бұрмаларды бөлшектеу жүзеге асырылды, т/ж жолдарымен және нөсер жинақтағышымен құлау орнын тығыздау бойынша жұмыстар жүргізілді, ауданы 3,6 га аумақ құрғақтықтан тазартылды.

Қалпына келтіру жұмыстары шеңберінде темірбетон және ағаш шпалдарды ауыстыру (2700 дана), ұзындығы 8,5 км темір жолдарды теңгерімдеу, бағыттамалық бұрмаларды жөндеу көзделеді.

«Индустриальная» т/ж станциясын пайдалануға беру үшін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Келешекте теміржол станциясы индустриялық аймақ инфрақұрылымының негізгі объектісіне айналады. Оның ұзындығы 8 км құрайды, ірі логистикалық орталық – «Бурундайская» т/ж станциясына шығады. Индустриалды аймақтың резидент компаниялары темір жолдарға жанасуға тиісті техникалық шарттар алды. Тасымалданатын жүктердің күтілетін көлемі жылына шамамен 1,8 млн тоннаны құрайды.

Алматының индустриалды аймағының жалпы ауданы — 490 гектар, оның 326 гектары инвестициялық жобаларға, 164 гектары инфрақұрылымға бөлінген. Бүгінгі таңда Алматының индустриалды аймағында инвестиция көлемі 275 млрд теңгеге 67 компания тіркелген. Оның ішінде жалпы сомасы 123 млрд теңгеге 19 жоба іске асырылды.