×
Hyundai Trans Kazakhstan зауыты 20,6 мың көлік шығарды

Жыл басынан бері Алматының индустриалды аймағында Hyundai Trans Kazakhstan зауыты 20 680 көлік шығарды. Биылғы жылдың соңына дейін тағы 10 мың, ал 2023 жылы 40 мың автокөлік шығару жоспарлануда. Бұл ретте Қазақстанда Hyundai брендінің сатылымы 20 334 бірлікті құрады, бұл өткен жылғы кезеңнен 14,5%-ға артық.

Бүгін Hyundai Trans Kazakhstan–да Hyundai Accent және Hyundai Tucson модельдерді дәнекерлеу және бояу әдісімен шағын тораптық өндіріс игерілді. «Астана Моторс» компаниясы Hyundai Motor Company (Оңтүстік Корея) компаниясымен шағын торапты өндіріске және басқа да модельдерге көшіру туралы келіссөздер жүргізуде.

Қазіргі уақытта «Астана Моторс» Алматының индустриалды аймағында Youngsan, Motrex, Норпласт шетелдік серіктестерімен бірлесіп HYUNDAI автомобильдеріне арналған тағы үш автомобиль орындықтарын, полиуретанды кілемшелерді, қаптамаларды, шашыратқыштарды және мультимедиялық жүйелерді шығаратын зауыттың құрылысын жобалауда. Жобаға инвестиция $15 млн. құрайды, кәсіпорындарда 175 жұмыс орны құрылады. Өндірістерді іске қосу 2024 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.

«Астана Моторс» жаһандық мақсаты — өндірілетін автомобильдердегі қазақстандық қамтуды арттыру. Өндіріс көлемін ұлғайту үшін компания Қытайдың үш көлік  шығаратын зауыт салуға кіріседі: Changan – өндіріс көлемі бойынша ҚХР-дағы №1 бренд, Chery — ҚХР-дағы экспорт бойынша көшбасшысы және Haval — қытай нарығында 4-ші орында тұрған Great Wall Motor автоконцернінің қосалқы бренді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты дәнекерлеу және бояу әдісімен өндірілген жылына 90 мың автокөлікті құрайды. Жоспар бойынша зауыт 2025 жылы ашылады, онда 2,2 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Айта кетерлігі, қазір Hyundai Trans Kazakhstan зауытында 800 адам жұмыс істейді.