×
Алматы Индустриалды аймағында 2,9 мың жұмыс орны құрылды

Бүгінде, Алматы Индустриалды аймағында жеке инвестициясы      119,8 млрд. теңгені құрайтын 20 жоба іске асырылды, 647,5 млрд. теңгеге өнім өндірілді, 20,7 млрд. теңге салық аударымдары төленді, 2 913 жұмыс орны құрылды.

2022 жылы 65 жұмыс орны құрыла отырып, сомасы 4,6 млрд. теңгені құрайтын «Каз-Диа-Тест» ЖШС зауыты іске қосылды. Жылдың соңына дейін 211 жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 6,8 млрд. теңгені құрайтын 5 кәсіпорынды («VALTHERM», «City Stone», «TEPLOSTIL», «Stroy Production», «ЭлектроБар») іске қосу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, 2022 жылы жеке инвестицияның жалпы сомасы 1,5 млрд. теңгені құрайтын, жалпы алаңы 15 300 шаршы метр болатын 4 шағын өнеркәсіптік паркті іске қосу жоспарланып отыр.

Алматы Индустриалды аймағы жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында құрылды және Алматы қаласында өнеркәсіптің басым салаларын (машина жасау, тамақ, жеңіл, фармацевтика, химия өнеркәсібі, логистика, құрылыс материалдарының өндірісі) дамыту үшін көзделген. Бұл ретте, өнеркәсіп кәсіпорындарын қаланың тұрғын ауданынан басқа жаққа қайта орналастыруға, технологиялық, инновациялық өнімдер шығаруға, импортты ауыстыруға бағытталған инвестициялық жобаларға басымдық беріледі.

Өнеркәсіптік аймақ аумағында барлық қажетті инфрақұрылым – газбен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету, электр энергиясы, кәріз құбыры, нөсер кәрізі, интернет, кәбілдік телефония, жол желісі бар, «Индустриалды» жеке теміржол станциясының құрылысы жүргізілуде.