×
«Ирригатор Казахстан» ЖШС құрылыс алаңына шықты

Құрылыс алаңына Алматы индустриалды аймағының жаңа қатысушысы – «Ирригатор Қазақстан» ЖШС шықты.

Компанияның жобасы суару жүйелеріне арналған жабдықтарды шығаратын заманауи зауыттың құрылысын білдіреді.

Израильден келген инвестор құрылысқа шамамен 2,7 млрд. теңге салуды жоспарлап отыр.

Жыл сайын «Ирригатор Қазақстан» ЖШС белгілі Metzer брендімен бау-бақша, жылыжайлар дақылдарға арналған 270 млн. метрге жуық құбырлар мен тамшылатып суаратын желілер шығаруды жоспарлауда. Кәсіпорында 29 тұрақты жұмыс орны құрылады.