Резидент-компаниялардың өкілдерімен кездесуде Алматы индустриялық аймағының инфрақұрылымын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Кеңеске қатысушылар арық-нөсер жүйесінің жай-күйі, өнеркәсіптік сарқынды сулардың нөсер кәрізі, автожол төсемі, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға кірме жолдардың жағдайы, іргелес аумақтарды көгалдандыру, санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау мәселелерін қарады.
«Алматы индустриялық аймағы» ЖШС басқарушы компаниясының мамандары атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтып берді. Резиденттердің қолданыстағы инфрақұрылымды жақсарту бойынша ұсыныстарын тіркеп, инженерлік желілерін пайдалану бойынша келісілген жұмыс туралы уағдаласты.
Тараптар жиналыс хаттамаларын орындау жөніндегі арнайы штабты ұйымдастырумен осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізуге келісті.