Жұмыс сапары барысында Әлішер ӘбдіқадыровHyundai Trans Kazakhstan қосалқы бөлшектер шығаратын жаңа зауыт салу жоспарларымен, техникалық іске қосу жүзеге асырылған Teplostil өнімдерінің сынақ режиміндегі өндіріс процесімен, «Алматы сэндвич панель» ЖШС жер жұмыстарына шығу жобалармен танысты.
Сонымен қатар, Әлішер Әбдіқадыров нөсер кәрізінің тазарту қондырғыларының жай-күйін тексерді, онда қала басшысының сын-ескертпелерінен кейін бірқатар ақаулар жойылды.
Сондай-ақ, Алматы әкімінің орынбасары салынып жатқан 4 өнеркәсіптік саябаққа барды:
Аlatau Industrial — қыркүйек айында іске қосылады;
QazaqPlast — жыл соңына дейін ашылады;
ADS industries екінші кезеңі — жыл соңына дейін ашылады;
ALAESTATE екінші кезеңі — қазан айында басталады.