×
Алматы индустриалды аймақта медициналық бұйымдар шығарады

Алматының индустриялық аймағында «Алмерек» ЖШС бір реттік медициналық бұйымдар шығарады. Мысалы:

— скарификаторлар;

— шпательдер;

— контейнерлер мен түтіктер;

— дезинфекциялау құралдары және мн.др.

Зауыт Қазақстанның барлық емханалары мен ауруханаларын медициналық бұйымдармен қамтамасыз етеді.

Зауытта жыл сайын 28 млн. өнім шығарылады. Бүгінде зауытта 50 қызметкер жұмыс істейді.

Кәсіпорынның жоспарында өнімдерін ЕАЭО елдеріне экспорттау бар.