Басқарушы компанияның міндеттері
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 сәуірдегі Заңы және заңнамалық актiлерiне сәйкес Серіктестік қызметінің негізгі түрлері:
- индустриялық аймақтардың жұмыс істеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу;
- индустриялық аймақтың қатысушыларына жер учаскелерін беру және инфрақұрылым объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) немесе қосымша жалдауға (қосалқы жалға) беру;
- қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды жасасу және бұзу;
- индустриялық аймақтар қатысушыларының тоқсан сайынғы есептері негізінде, уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен уәкілетті органға және бірыңғай үйлестіру орталығына индустриялық аймақтар қызметінің нәтижелері туралы есептілікті ұсыну;
- индустриялық аймақтың әлеуетті қатысушыларын тарту;
- инфрақұрылым объектілерін салу және индустриялық аймақтардың өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін инвестициялар тарту;
- индустриялық аймақтың қатысушыларына берілмеген жер учаскелерінде бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін салуды жүзеге асыру;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «бір терезе» қағидаты бойынша және индустриялық аймақтардың қатысушылары үшін көрсетілетін қызметтер ұсынатын өзге де ұйымдардың жұмыс істеуі үшін қабылдау орындарын ұйымдастыру;
- қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуын мониторингтеу;
- индустриялық аймақта жаңа өндірістерді құру бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізу;
- индустриялық аймақтарды дамыту және ілгерілету жөніндегі іс-шараларды өткізу;
- индустриялық аймақтардың әлеуетті қатысушыларын, өтініш берушілерді, индустриялық аймақтардың қатысушыларын ақпараттық қолдап отыруды қамтамасыз ету, оның ішінде индустриялық аймақтардың әлеуетті қатысушыларының, өтініш берушілердің, индустриялық аймақтар қатысушыларының мемлекеттік органдардың, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру;
- индустриялық аймақта индустриялық-инновациялық және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін инвестициялар тарту;
- индустриялық аймақтардың әлеуетті қатысушыларымен, өтініш берушілермен, индустриялық аймақтардың қатысушыларымен «бір терезе» қағидаты бойынша өзара іс-қимыл жасасу және жұмыс жүргізу;
- коммуналдық, логистикалық және сервистік көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысу;
- бизнес-жоспарларды, техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы және өзге де жобалау құжаттамасын әзірлеу бойынша қызметтер көрсету;
- индустриялық аймақтың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру және индустриялық аймақтың қатысушыларына осындай көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
- индустриялық аймақтың аумағын абаттандыру және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;
- индустриялық аймақтың қатысушыларына консалтингтік және маркетингтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
- индустриялық аймақтың аумағында тұрғызылатын инфрақұрылым және кәсіпкерлік қызмет объектілері бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында техникалық қадағалауды жүзеге асыру және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
- «бір терезе» қағидатын іске асыру шеңберінде, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алған кезде мемлекеттік органдармен және өзге көрсетілетін қызметтерді алған кезде өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу кезінде индустриялық аймақтар қатысушыларының мүдделерін білдіру;
- кәсіпкерлікті қолдау және дамыту «Жол картасы-2020» бағдарламасына сәйкес бірыңғай өнеркәсіптік аймақтарды басқару;
- электрэнергиясын беру;
- электрэнергиясын тарату.