2810

Единый контакт-центр
(бесплатно, с мобильного)

2810

Единый контакт-центр
(бесплатно, с мобильного)

+7 (727) 356 0280

с городского телефона

Позвонить

мкр. Алгабас, ул.7, 142/29

KazTigerTape» ЖШС «Қазақстанның Үздік Тауары» республикалық көрме-байқауында жеңіске жетті

Алматы индустриялық аймағының қатысушысы «KazTigerTape» ЖШС «Қазақстанның Үздік Тауары» республикалық көрме-байқауында жеңіске жетті.

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша жеңімпазға ҚР Парламенті Мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Альберт Рау сыйлық табыс етті. Салтанатты марапаттау рәсімі Астанада өтті.

«Біз 2002 жылдан бері скотч пен өздігінен жабысатын таспаларды шығарумен айналысамыз. Дайын таспаны әкеліп, сатудан бастағанбыз. Содан кейін шағын зауыт аштық, өндірісті реттей алдық. Қазір бізде скотч пен өздігінен жабысатын таспалардың толық өндірісі бар. Биыл біз байқауға алғаш рет қатысып отырмыз. Менің ойымша, бұл біз үшін үлкен ынталандыру, өйткені өндіріс көлемін екі есе ұлғайту үшін жаңа жабдықты кеңейту және сатып алу жоспарлануда», — деді «KazTigerTape» ЖШС бас директоры Дәурен Халмет.

«Қазақстанның Үздік Тауары» республикалық көрме-конкурсы жыл сайын өткізіледі. Биыл конкурсқа қатысу үшін 841 кәсіпкер өз өтінімдерін берді.

Конкурстың басты мақсаты — отандық өнімнің сапасын арттыруға, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен қанықтыруға жәрдемдесуге, отандық және халықаралық стандарттар негізінде сапаны қамтамасыз етуге және т. б. бағытталған жеке және заңды тұлғалардың қызметін жандандыру.

«Индустриальная зона – Алматы» ЖШС басқарушы компаниясының ұжымы «KazTigerTape» ЖШС компаниясын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтап, отандық өндірушіге одан әрі табыс пен өркендеу тілейді!

Предложить проект

После отправки вопроса, дождитесь ответа от администратора.

 

Либо позвоните по номеру 8 (827) 237 69 13.

После отправки вашего вопроса, дождитесь ответного письма на e-mail.

 

Либо обратитесь по номеру 8 (727) 237 69 13).