Приложение №1
к пояснительной записке
к вопросу повестки дня заседания Правления
ТОО «Индустриальная зона Алматы»
«Об утверждении формы договора присоединения по предоставлению услуг содержания территории индустриальной зоны города Алматы»
ҚОСЫЛУ ШАРТЫ 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы қосылу шарты (бұдан әрі - Шарт) Қазақстан Республикасының «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 242-VІ Заңына (бұдан әрі - Заң) және үлгілік нысаны Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығымен бекітілген Алматы қаласы Алатау ауданының индустриялық аймағына қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа (бұдан әрі – Қызметті жүзеге асыру туралы шарт) сәйкес жасалады. 1.2. Осы Шарт «Алматы индустриялық аймағы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - «Орындаушы») мен Алматы қаласы Алатау ауданының индустриялық аймағына қатысушы (бұдан әрі - «АИА-ға қатысушы») (ал бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар) арасында жасалатын шарт болып табылады. Осы Шарттың талаптары стандартты нысандарда айқындалған және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389-бабына сәйкес ұсынылған Шартқа қосылу арқылы АИА-ға қатысушы қабылдауы мүмкін. Шарт, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтырулар Орындаушының ресми интернет-ресурсында көрінетін қолжетімді жерде орналастырылады.
1.3. Осы Шарт Орындаушының АИА-ға қатысушыларға Алматы қаласы Алатау ауданының индустриялық аймағының аумағын күтіп ұстау қызметтерін көрсету талаптарын айқындайды. 1.4. АИА-ға қатысушы Шарттың талаптарын Шартқа №2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қол қойылған өтініш (бұдан әрі - АИА-ға қатысушының өтініші) беріп және оны Орындаушының уәкілетті қызметкері қабылдап, АИА-ға қатысушының келісімінің негізінде қабылдайды. 1.5. Өтініш беру АИА-ға қатысушысының Шартпен танысқанын және Шарттың талаптарын ол Қосылу туралы өтініш беру сәтінде қолданыстағы редакцияда қандай да бір ескертулерсіз, алып тастауларсыз, өзгерістерсіз және келіспеушіліктер хаттамаларынсыз қабылдайтынымен келісетінін білдіреді. Шартқа №2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қол қойылған қосылу туралы өтініш беру арқылы Шартқа қосылғаннан кейін АИА-ға қатысушы оның Шартпен (толық немесе ішінара) таныспағанына не Орындаушымен шарттық қатынастарда оның міндеттілігін мойындамайтынына сілтеме жасай алмайды. 1.6. Тараптар АИА-ға қатысушымен Шарт жасасу күні Орындаушының АИА-ға қатысушының өтінішін қабылдаған күні болып табылатынын айқындады. АИА-ға қатысушының өтінішіне Орындаушы және АИА-ға қатысушы 2 (екі) данада қол қояды, біреуі Орындаушыда қалады, екінші данасы АИА-ға қатысушыға беріледі және Шарт жасасу фактісін растайтын құжат болып табылады. 1.7. АИА-ға қатысушы Шарттың талаптарына сәйкес Шартқа, соның ішінде оның қосымшаларына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайды, бұл ретте Шартқа қосымша келісім жасау талап етілмейді. 1.8. Индустриялық аймақ аумағын күтіп ұстауді жүзеге асыру Қазақстан Республикасының «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» заңына сәйкес Орындаушының функцияларына жатады. 1.9. Қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес Орындаушы АИА-ға қатысушыға көрсетілетін қызметтер үшін сыйақы алуға құқылы. 1.10. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Шарт Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормаларымен, Қазақстан Республикасының «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерімен реттеледі.
2. Терминдер және анықтаулар 2.1. «Алматы индустриялық аймағы» ЖШС (Орындаушы) – Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 31 мамырдағы №2/352 қаулысының негізінде айқындалған Алматы қаласы Алатау ауданының индустриялық аймағының басқарушы компаниясы. 2.2. Алматы қаласы Алатау ауданының индустриялық аймағына қатысушы (АИА-ға қатысушы) – «Алматы индустриялық аймағы» ЖШС-нің қызметін жүзеге асыру туралы шарт жасасқан индустриялық аймақта кәсіпкерлік қызмет объектілерін орналастыруды және пайдалануды жүзеге асыратын дара кәсіпкер, заңды тұлға.
2.3. Қызметті жүзеге асыру туралы шарт – индустриялық аймаққа қатысушы мен «Алматы индустриялық аймағы» ЖШС-нің арасында жасалатын шарт және осы шартта индустриялық аймақта және (немесе) олардың құқықтық режимінде қызметті жүзеге асыру талаптары, тараптардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігін белгіленеді. 2.4. АИА-ның аумағы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәсіпкерлік қызмет объектілерін, оның ішінде өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, туристік индустрия, көлік логистикасы, қалдықтарды басқару саласындағы объектілерді орналастыру және пайдалану үшін АИА-ға қатысушыларға берілген инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аумақ.
2.5. Қызметтер – осы Шартқа №1 қосымшада көрсетілген АИА-ның аумағын күтіп ұстау қызметтерінің тізімі. 2.6. «Алматы индустриялық аймағы» ЖШС-нің ресми интернет-ресурсы 2.7. Хабарлама - Орындаушының ресми интернет - ресурсында орналастырылған немесе АИА-ға қатысушы көрсеткен электрондық поштаның мекенжайына электрондық хат түрінде жіберілген хабарлама. 2.8. Осы бөлімде түсіндірмелері берілмеген анықтамалар мен терминдер Қазақстан Республикасының «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» заңында қамтылған анықтамалар мен терминдерге сәйкес келеді.
3. Шарттың мәні 3.1. Орындаушы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шартқа №1 қосымшада көрсетілген қызметтер тізіміндегі Қызметтерді көрсетуге міндеттенеді. 3.2. Шарттың, соның ішінде қосымшаның мәтіні Орындаушының ресми интернет-ресурсында https://indzone.kz/ мекенжайы бойынша жарияланған.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері 4.1. Орындаушының құқықтары: 4.1.1. көрсетілетін қызметтер үшін АИА-ға қатысушының төлемін талап ету; 4.1.2. көрсетілетін қызметтердің құнын жылына бір реттен артық емес көтеру; 4.1.3. қызметтерді орындау үшін үшінші тұлғаларды тарту; 4.1.4. Шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу; 4.1.5. 2026 жылдың 12 айы үшін қызметтер құнының жалпы сомасының 30% (отыз пайызынан) аспайтын мөлшерде аванстық төлем жасауды талап ету. 4.2. Орындаушының міндеттері: 4.2.1. Сапа стандарттары мен Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, Шарттың талаптарына сәйкес қызметтер көрсету; 4.2.2. Қызметтердің білікті орындалуын дербес немесе мердігерлік ұйымдарды тарта отырып қамтамасыз ету; 4.2.3. АИА-ның аумағындағы ақаулар мен кемшіліктерді уақтылы және сапалы жою; 4.2.4. Шарт талаптарының орындалуына әсер ететін жоспардан тыс жұмыстарды жүргізу туралы АИА–ға қатысушыға хабарлау; 4.2.5. Шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар күшіне енгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын АИА–ға қатысушыға хабарлау; 4.2.6. АИА–ға қатысушының жазбаша өтінішінің негізінде төлем құжатын төлеуге ұсыну. 4.3. АИА–ға қатысушының құқықтары: 4.3.1. Орындаушының Хабарламаларымен танысу; 4.3.2. Орындаушының көрсетілетін қызметтердің барысы мен сапасын оның қызметіне араласпай тексеру; 4.3.3. Көрсетілетін қызметтерде кемшіліктердің бар екені туралы Орындаушыға жазбаша хабарлау; 4.3.4. Орындаушыдан төлем құжатын жазбаша сұрату; 4.3.5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру. 4.4. АИА-ға қатысушының міндеттері: 4.4.1. Көрсетілген қызметтер үшін ақыны осы Шартта белгіленген мөлшерде және мерзімдерде уақтылы төлеу; 4.4.2. Орындаушының ресми интернет-ресурсында жарияланған Шартқа барлық өзгерістермен және (немесе) толықтырулармен танысу; 4.4.3. АИА–ның аумағында апаттық жағдайлар болған жағдайда Орындаушыға дереу хабарлау; 4.4.4. 2025 жылдың 30 маусымына дейінгі мерзімде 2026 жылдың 12 айы үшін қызметтер құнының жалпы сомасының 30% (отыз пайызы) мөлшерінде аванстық төлемді төлеу (бір жолғы немесе бірнеше төлем, бірақ 6 (алты) төлемнен көп емес). 4.4.5. Орындаушының ұсынылған өзгерістерін және/немесе толықтыруларын осындай өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы хабарламаны алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарау және Орындаушыға өзінің шешімі туралы жазбаша хабарлау. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін жазбаша жауап болмаған жағдайда өзгерістер және/немесе толықтырулар келісілген болып есептеледі және күшіне енеді. 4.5. Тараптар қажетті шараларды уақтылы қабылдау үшін Шарт бойынша кез келген міндеттеменің тиісінше орындауға кедергі келтіретін мән-жайлар туралы бір-біріне дереу хабарлауға міндеттенеді.
5. Қызметтер құны және есеп айырысу тәртібі 5.1. Қызметттердің ай сайынғы құны Алматы қаласы Алатау ауданының индустриялық аймағының аумағында өзіне қосалқы жалдау/жалға алу немесе меншік құқығында тиесілі АИА-ға қатысушының жер учаскесінің 1 (бір) гектары үшін айына күнтізбелік 30 (отыз) күн есебінен 99 725 (тоқсан тоғыз мың жеті жүз жиырма бес) теңгені құрайды. 5.2. Қызметтерге ақы осы Шарттың негізінде АИА-ға қатысушы Орындаушының есеп айырысу шотына аудару арқылы есеп айырысу айынан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күнінен кешіктірмей төлейді (төлем шотын ұсыну қажет болған жағдайда Орындаушыға сұратумен жазбаша хабарласу керек).
5.3 АИА-ға қатысушы 2026 жылдың 12 айы үшін қызметтер құнының жалпы сомасының 30% (отыз пайызы) мөлшерінде аванстық төлемді 2025 жылдың 30 маусымына дейінгі мерзімде төлейді (бір жолғы немесе бірнеше төлем, бірақ 6 (алты) төлемнен көп емес). 5.4.ҚызметтердіңқалдыққұныШартбойыншакөрсетілгенқызметтердің біріншіактісіненбастапОрындаушыныңқызметтеркөрсетуінеқарай2026жылыөтеледі. Индустриялықаймаққақатысушыретіндеқызметтіжүзеге асыру туралышартбұзылғанжағдайда,авансАИА-ғақатысушыға қайтарылады.
5.5. Тараптар осы Шарттың аясында төлем күні демалыс немесе мереке күніне келген жағдайда, төлем келесі жұмыс күні жүргізіледі деп келісті.
5.6. Орындаушының Деректемелері: Атауы: «Алматы индустриялық аймағы» ЖШС БСН: 150240016220 Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050031, Алматы қ., ш/а. Алғабас, №7 көшесі, 142/29 ЖСК: _________ БИК: IRTYKZKA Банктің атауы: АҚ «Forte Bank»
6. Тараптардың жауапкершілігі 6.1. Орындаушы көрсетілген қызметтердің сапасы, сондай-ақ АИА-ға қатысушымен келісілген мерзімде кемшіліктерді (анықталған жағдайда) жойғаны үшін жауапкершілік атқарады. 6.2. АИА-ға қатысушы көрсетілген қызметтер үшін ақыны, соның ішінде аванстық төлемді уақытында төлемегені үшін жауапкершілік атқарады. 6.3. Ақыны төлеу мерзімін өткізіп алған жағдайда, АИА-ға қатысушы ақыны төлеу мерзімін өткізіп алған әрбір күні үшін төленетін соманың 0,1% (нөл бүтін оннан бір пайызы) мөлшерінде, бірақ төленбеген соманың 10 % (он пайызынан) аспайтын өсімпұлды төлеуге міндеттенеді.
7. Шарттың қолданылу мерзімі 7.1. Шарт АИА-ға қатысушы Шартқа қосылған күннен бастап күшіне енеді және индустриялық аймаққа қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт аяқталған/бұзылған күнге дейін қолданылады.
8. Форс-мажор 8.1. Тараптар Шарт жасалғаннан кейін туындаған және Тараптар болжай алмаған, ақылға қонымды тәсілдермен алдын ала алмаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының (дүлей құбылыстар, апаттар, төтенше жағдай режимін енгізу және т.б., бұдан әрі – «Форс-мажор») әсерінен Шарт бойынша өз міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
8.2. Форс-мажор жағдайлары басталғанда Тараптар Форс-мажор жағдайларының әсеріне ұшыраған Тарап екінші Тарапқа Форс-мажор жағдайларының басталғаны туралы дереу хабарлаған және олардың қолданылуы тоқтатылғанда Шарттың талаптарын орындауды қайта бастаған жағдайда, шарттық міндеттемелерді сақтамағаны үшін материалдық жауапкершіліктен босатылады.
8.3. Форс-мажордың туындағанын растайтын Қазақстан Республикасы уәкілетті органының ресми құжаттары форс-мажордың дәлелі болады.
9. Дауларды шешу 9.1. Осы Шарттың орындалуына байланысты туындаған қандай да бір дау туындаған жағдайда, Тараптардың кез келгені барлық дауларды келіссөздер арқылы реттеуге тырысады. 9.2. Егер туындаған дауды келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаса, осы дау және оған қатысты өзге де мәселелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шешіледі және реттеледі.
10. Құпиялылық 10.1. Осы Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптар осы Шарттың талаптарына қатысты осы Шартты жасасу және орындау барысында алған ақпараттың құпия болып табылатынына және үшінші тұлғаларға жария етілмейтініне келіседі.
10.2. Тараптың құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруі, жариялауы немесе оны өзге де жария етуі осы Шартта, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда мүмкін болады.
10.3. Тараптар осы Шарттың болуы мен талаптарының құпиялылығын сақтау үшін барлық қажетті шараларды, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды адамдары мен жұмыскерлеріне осы Шартты іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады. 10.4. Осы Шарттың талаптарын бұза отырып, Тараптардың кез келгені құпия ақпаратты жария еткен не таратқан жағдайда, кінәлі тарап Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген жауапкершілік атқарады.
11. Өзге талаптар 11.1. АИА-ға қатысушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға немесе Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан бас тартуға құқылы емес. 11.2. Осы Шарт, оған қосымшалар мен өзгерістер/толықтырулар, сондай-ақ АИА-ға қатысушының өтініші бір-бірінің ажырамас бөліктері болып табылады және бірыңғай құқықтық құжат болып табылады, осымен барлық Тарап сөзсіз және қайтарып алынбай келіседі және Шарт жасаған сәтте, сондай-ақ келешекте де олар бойынша өзіне қабылдаған барлық міндеттемені растайды.
11.3. Шартта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі. |
ДОГОВОР ПРИСОЕДИНЕНИЯ 1. Общие положения 1.1. Настоящий Договор присоединения (далее - Договор), заключается в соответствии с Законом Республики Казахстан «О специальных экономических и индустриальных зонах» от 3 апреля 2019 года № 242-VІ (далее - Закон), и договором об осуществлении деятельности в качестве участника индустриальной зоны Алатауского района города Алматы, типовая форма которого утверждена Приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 19 июля 2019 года № 522 (далее – Договор об осуществлении деятельности). 1.2. Настоящий Договор является договором, заключаемым между Товариществом с ограниченной ответственностью «Индустриальная зона Алматы», именуемого в дальнейшем «Исполнитель» и участником индустриальной зоны Алатауского района города Алматы, именуемого в дальнейшем «Участник ИЗА», совместно именуемые в дальнейшем «Стороны». Условия настоящего Договора определены в стандартных формах и могут быть приняты Участником ИЗА путем присоединения к предложенному Договору в целом в соответствии со статьей 389 Гражданского кодекса Республики Казахстан. Договор, а также изменения и дополнения к нему размещаются на официальном интернет -ресурсе Исполнителя в доступном для обозрения месте. 1.3. Настоящий Договор определяет условия предоставления Исполнителем услуг по содержанию территории индустриальной зоны Алатауского района города Алматы Участникам ИЗА. 1.4. Принятие Участником ИЗА условий Договора осуществляется на основании согласия Участника ИЗА, выраженного путем подачи подписанного заявления, по форме согласно приложению №2 к Договору (далее - Заявление Участника ИЗА) и принятия его уполномоченным работником Исполнителя. 1.5. Подача заявления означает, что Участник ИЗА ознакомлен с Договором и согласен с тем, что условия Договора принимаются им в редакции, действующей на момент подачи Заявления о присоединении, полностью без каких - либо оговорок, изъятий, изменений и протоколов разногласий. После присоединения к Договору путем подачи подписанного заявления о присоединении, по форме согласно приложению №2 к Договору, Участник ИЗА не может ссылаться на то, что он не ознакомлен с Договором (полностью или частично), либо не признает его обязательность в договорных отношениях с Исполнителем. 1.6. Стороны определили, что датой заключения Договора с Участником ИЗА будет являться дата принятия Исполнителем Заявления Участника ИЗА. Заявление Участника ИЗА подписывается Исполнителем и Участником ИЗА в 2 (двух) экземплярах, один остается у Исполнителя, второй экземпляр передается Участнику ИЗА и является документом, подтверждающим факт заключения Договора. 1.7. Участник ИЗА принимает изменения и дополнения, вносимые в Договор, в том числе в его приложения, в соответствии с условиями Договора, при этом заключение дополнительного соглашения к Договору не требуется. 1.8. Осуществление содержания территории индустриальной зоны относятся к функциям Исполнителя в соответствии с Законом Республики Казахстан «О специальных экономических и индустриальных зонах». 1.9. Согласно Договору об осуществлении деятельности Исполнитель вправе получать вознаграждение за услуги, предоставляемые Участнику ИЗА. 1.10. В соответствии с законодательством Республики Казахстан настоящий договор регулируется нормами Гражданского кодекса Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан «О специальных экономических и индустриальных зонах» и другими нормативно-правовыми актами Республики Казахстан.
2. Термины и определения 2.1. ТОО «Индустриальная зона Алматы» (Исполнитель) – управляющая компания индустриальной зоны Алатауского района города Алматы, определенная на основании Постановления акимата города Алматы от 31 мая 2019 года №2/352. 2.2. Участник индустриальной зоны Алатауского района города Алматы (Участник ИЗА) – индивидуальный предприниматель, юридическое лицо, осуществляющие размещение и эксплуатацию объектов предпринимательской деятельности на территории индустриальной зоны, с которыми ТОО «Индустриальная зона Алматы» заключен договор об осуществлении деятельности. 2.3. Договор об осуществлении деятельности – договор, заключаемый между участником индустриальной зоны и ТОО «Индустриальная зона Алматы», устанавливающий условия осуществления деятельности на территории индустриальной зоны и (или) в их правовом режиме, права, обязанности и ответственность сторон. 2.4. Территория ИЗА – территория, обеспеченная инженерно-коммуникационной инфраструктурой, предоставленная Участникам ИЗА для размещения и эксплуатации объектов предпринимательской деятельности, в том числе в области промышленности, агропромышленного комплекса, туристской индустрии, транспортной логистики, управления отходами, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан. 2.5. Услуги – перечень услуг по содержанию территории ИЗА, указанные в приложении №1 к настоящему Договору. 2.6. Официальный интернет – ресурс ТОО «Индустриальная зона Алматы» - https://indzone.kz/. 2.7. Уведомления – сообщение, размещенное на официальном интернет - ресурсе Исполнителя или отправленное в виде электронного письма на указанный Участником ИЗА адрес электронной почты. 2.8. Определения и термины, разъяснения которым не даны в настоящем разделе, имеют значение, соответствующие определениям и терминам, содержащимся в Законе Республики Казахстан «О специальных экономических и индустриальных зонах».
3. Предмет договора 3.1. Исполнитель обязуется оказывать Услуги, включая, но не ограничиваясь, перечнем услуг, указанных в Приложении №1 к Договору, являющимся неотъемлемой частью Договора, начиная с 1 января 2026 года. 3.2. Текст Договора (включая приложения) опубликован на официальном интернет - ресурсе Исполнителя по адресу: https://indzone.kz/.
4. Права и обязанности сторон 4.1. Права Исполнителя: 4.1.1. требовать оплаты Участником ИЗА за предоставляемые Услуги; 4.1.2. повышать стоимость предоставляемых Услуг не более одного раза в год; 4.1.3. привлекать для исполнения Услуг третьих лиц; 4.1.4. вносить изменения и (или) дополнения в Договор; 4.1.5. требовать внесения авансового платежа в размере, не превышающем 30% (тридцати процентов) от общей суммы стоимости Услуг за 12 месяцев 2026 года. 4.2. Обязанности Исполнителя: 4.2.1. оказывать Услуги в соответствии с условиями Договора, с соблюдением стандартов качества и требований законодательства Республики Казахстан; 4.2.2. обеспечить квалифицированное выполнение Услуг самостоятельно либо с привлечением подрядных организаций; 4.2.3. своевременно и качественно устранять дефекты и неисправности на территории ИЗА; 4.2.4. уведомлять Участника ИЗА о проведении внеплановых работ, которые могут повлиять на выполнение условий Договора; 4.2.5. уведомлять Участника ИЗА за 30 (тридцать) календарных дней до вступления в силу изменений и (или) дополнений в Договор;
4.2.6. выставлять платежный документ на оплату на основании письменного обращения Участника ИЗА. 4.3. Права Участника ИЗА: 4.3.1. знакомиться с Уведомлениями Исполнителя; 4.3.2. проверять ход и качество оказания Услуг, оказываемых Исполнителем, не вмешиваясь в его деятельность; 4.3.3. письменно уведомлять Исполнителя о наличии недостатков в предоставляемых Услугах; 4.3.4. письменно запрашивать платежный документ на оплату у Исполнителя; 4.3.5. осуществлять иные права, предусмотренные законодательством Республики Казахстан. 4.4. Обязанности Участника ИЗА: 4.4.1. обеспечить своевременную оплату за оказанные Услуги в размере и в сроки, установленные настоящим договором; 4.4.2. ознакамливаться со всеми изменениями и (или) дополнениями к Договору, опубликованных на официальном интернет - ресурсе Исполнителя; 4.4.3. в случае аварийных ситуаций на территории ИЗА немедленно уведомлять Исполнителя; 4.4.4. в срок до 30 июня 2025 года обеспечить внесение авансового платежа в размере 30% (тридцати процентов) от общей суммы стоимости Услуг за 12 месяцев 2026 года (едино разово либо несколькими платежами (не более 6 (шести)). 4.4.5. рассмотреть предложенные Исполнителем изменения и/или дополнения к Договору в срок, не превышающий 10 (десяти) рабочих дней со дня получения уведомления о внесении таких изменений и/или дополнений, и уведомить Исполнителя о своем решении в письменной форме. В случае отсутствия письменного ответа по истечении указанного срока, изменения и/или дополнения считаются согласованными и вступают в силу.
4.5. Стороны обязуются незамедлительно информировать друг друга об обстоятельствах, препятствующих надлежащему исполнению любого из обязательств по Договору для своевременного принятия необходимых мер.
5. Стоимость услуг и порядок расчетов
5.1. Ежемесячная стоимость Услуг составляет 99 725 (девяносто девять тысяч семьсот двадцать пять) тенге из расчета 30 (тридцать) календарных дней в месяце за 1 (один) гектар земельного участка Участника ИЗА, принадлежащего ему на праве субаренды/аренды или собственности на территории индустриальной зоны Алатауского района города Алматы. 5.2. Оплата за Услуги производится Участником ИЗА на основании настоящего Договора не позднее 25 (двадцать пятого) числа следующего за расчетным месяцем путем перечисления на расчетный счет Исполнителя (при необходимости выставления счета на оплату письменно обратиться к Исполнителю с запросом). 5.3. Участник ИЗА вносит авансовый платеж в размере 30% (тридцати процентов) от общей суммы стоимости Услуг за 12 месяцев 2026 года в срок до 30 июня 2025 года (едино разово либо несколькими платежами (не более 6 (шести)). 5.4. Остаточная стоимость Услуг подлежит погашению в 2026 году по мере оказания Услуг Исполнителем, начиная с первого Акта оказанных услуг по Договору. В случае расторжения договора об осуществлении деятельности в качестве участника индустриальной зоны аванс подлежит возврату Участнику ИЗА. 5.5. Стороны в рамках настоящего Договора согласились, что в случае если день платежа приходится на выходной или праздничный день, платеж производится на следующий за ним рабочий день. 5.6. Реквизиты Исполнителя: Наименование: ТОО «Индустриальная зона Алматы» БИН: 150240016220 Юридический адрес: Республика Казахстан, 050031, г. Алматы, мкр. Алгабас, ул.№7, сооружение 142/29 ИИК: _________ БИК: IRTYKZKA Наименование Банка: АО «Forte Bank»
6. Ответственность сторон 6.1. Исполнитель несет ответственность за качество оказанных Услуг, а также за устранение недостатков в срок, согласованный с Участником ИЗА, в случае их выявления.
6.2. Участник ИЗА несет ответственность за несвоевременную оплату за оказанные Услуги, включая авансовый платеж.
6.3. В случае просрочки платежей Участник ИЗА обязуется уплатить пеню в размере 0,1% (ноль целых одной десятой процента) от подлежащей к уплате суммы за каждый день просрочки платежа, но не более 10 % (десять процентов) от неуплаченной суммы.
7. Срок действия договора 7.1. Договор вступает в силу со дня присоединения Участника ИЗА к Договору и действует до даты окончания/расторжения договора об осуществлении деятельности в качестве участника индустриальной зоны.
8. Форс-мажор 8.1. Стороны освобождаются от ответственности за неисполнение либо ненадлежащее исполнение своих обязанностей по Договору вследствие действия обстоятельств непреодолимой силы (стихийные явления, катастрофы, введение режима чрезвычайного положения и т.д., далее - «Форс-мажор»), которые возникли после заключения Договора и которые Стороны не могли не предвидеть, не предотвратить разумными способами. 8.2. При наступлении обстоятельств Форс-мажора Стороны освобождаются от материальной ответственности за несоблюдение договорных обязательств при условии, что Сторона, подвергшаяся действию обстоятельств Форс-мажора, немедленно известит другую Сторону о наступлении обстоятельств Форс-мажора и возобновит выполнение условий Договора при прекращении их действия. 8.3. Доказательством форс-мажора будут служить официальные документы уполномоченного органа Республики Казахстан, подтверждающие возникновение форс-мажора.
9. Разрешение споров 9.1. В случае какого-либо спора, возникшего в связи с исполнением настоящего Договора, любая из Сторон предпринимает усилия для урегулирования всех споров путем переговоров. 9.2. Если возникший спор не удается разрешить путем переговоров, данный спор и иные, относящиеся к нему вопросы, разрешаются и регулируются в соответствии с гражданским законодательством Республики Казахстан.
10. Конфиденциальность 10.1. Настоящим Стороны соглашаются, что информация, касающаяся условий настоящего Договора, полученная ими в ходе заключения и исполнения настоящего Договора, является конфиденциальной и не подлежит разглашению третьим лицам за исключением случаев, прямо предусмотренных в настоящем Договоре и действующим законодательством Республики Казахстан. 10.2. Передача конфиденциальной информации третьим лицам, опубликование или иное ее разглашение Стороной возможны в случаях, прямо предусмотренных настоящим Договором, а также законодательством Республики Казахстан. 10.3. Стороны принимают все необходимые меры, в том числе правового характера, для сохранения конфиденциальности наличия и условий настоящего Договора. должностным лицам и работникам Сторон запрещается разглашение либо передача третьим лицам сведений, полученных в ходе реализации настоящего Договора. 10.4. В случае разглашения либо распространения любой из Сторон конфиденциальной информации в нарушение требований настоящего Договора, виновная Сторона будет нести ответственность, предусмотренную Гражданским кодексом Республики Казахстан.
11. Прочие условия 11.1 Участник ИЗА не вправе расторгнуть настоящий Договор в одностороннем порядке или отказываться от исполнения своих обязательств по Договору, за исключением случаев, предусмотренных законодательством Республики Казахстан. 11.2. Настоящий Договор, приложения и изменения/дополнения к нему, а также Заявление Участника ИЗА являются неотъемлемыми частями друг друга, представляют собой единый правовой документ, с чем все Стороны безусловно и безотзывно согласны, и подтверждают все принятые по ним на себя обязательства как в момент заключения Договора, так и в будущем. 11.3. Вопросы, не урегулированные Договором, разрешаются в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан. |
Қосылу туралы шартқа №1 қосымша
Алматы қаласы индустриялық аймағының аумағын күтіп ұстау қызметтерінің тізімі
1. Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларына сәйкес жалпы ұзындығы-22,7 км көше – жол желілерін күтіп ұстау.
1.1. Көшелердің жүру және жол жиектемелерін механикаландырылған жуу - аптасына 1 (бір) рет; 1.2. Автомобиль жолдарының бөлінген жолағында шөп шабу (жол жиегінен - 3 (үш) метр және жаяу жүргіншілер өткелдері мен велосипед жолдарынан әр жағына 2 (екі) метр); 1.3. Қураған ағашты шығару (айына 2 (екі) рет), жол жиектері мен арықтардан қатты тұрмыстық қалдықтарды (жапырақтарды, құлаған бұтақтарды және басқа да қоқысты) күн сайын жинау және шығару, арық науасын және жүру бөлігінің астындағы учаскелердегі құбырларды тұнба шөгінділерінен тазарту; 1.4. Көшелердің жүріс бөлігін көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу, көшелердің жүріс бөлігін жаңадан жауған қардан механикаландырылған сыпыру (тырмалау); 1.5. Жол-көлік оқиғасы (ЖКО) салдарынан зақымдалған арық желісінің науаларын және борттық тастарды ауыстыру; 1.6. Аялдама кешендеріне күтіп ұстау (құрылымдарды апта сайын жуу, қоқыс жәшіктерін күн сайын тазалау).
2. Алматы қаласында сыртқы жарықтандыру жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес Индустриялық аймақтың көше жарықтандыруын күтіп ұстау (1189 сыртқы жарықтандыру тірегі).
2.1. Тәуліктің қараңғы уақытында тиісті жарықтандыруды бақылау; 2.2. Сыртқы жарықтандыру шамдарын уақтылы ауыстыру; 2.3. Тораптардың және тиісті жабдықтың жарамды жай-күйін қамтамасыз ету; 2.4. Электр желілері мен жарықтандыру арматурасындағы зақымдарды жою; 2.5. ЖКО салдарынан зақымданғаннан кейін сыртқы жарықтандыру тіректерін қалпына келтіру.
3. Нөсер кәрізін күтіп ұстау (тазарту құрылыстары және кәріз-сорғы станциясы). 3.1. Индустриялық аймақтың аумағынан нөсер суларын қабылдау және бұру; 3.2. Нөсер кәрізінің ақаулы учаскелерінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу; 3.3. Тазарту құрылыстарының резервуарларын (жинақтауыштарын) уақтылы айдау; 3.4. Сорғы жабдықтарын жөндеу, ауыстыру.
4. «Алматы индустриялық аймағы» ЖШС-нің балансындағы инфрақұрылым объектілерін күзету. 4.1. Қолданыстағы инфрақұрылымды күзетуді қамтамасыз ету (индустриялық аймақтың стратегиялық объектілерінде 1 (бір) күзет бекеті, жедел ден қою мобильді тобының 2 (екі) қызметкері бар 1 (бір) автомашина). |
Приложение №1 к Договору о присоединении
Перечень услуг по содержанию территории индустриальной зоны города Алматы
1. Содержание улично-дорожных сетей общей протяженностью – 22,7 км. в соответствии с Правилами благоустройства территорий городов и населенных пунктов. 1.1. Механизированная мойка проезжей и прибордюрной частей и обочин улиц - 1 (один) раз в неделю; 1.2. Покос травы в полосе отвода автомобильных дорог на ширину – 3 (три) метра от бордюра и 2 (два) метра в каждую сторону от пешеходных переходов и велодорожек; 1.3. Вывоз сухостоя – 2 (два) раза в месяц, ежедневный отбор и вывоз ТБО (листьев, упавших веток и другого мусора) с обочин и арыков, очистка арычных лотков от иловых отложений и труб на участках под проезжей частью;
1.4. Обработка проезжей части улиц противогололедными материалами, механизированное подметание (сгребание) проезжей части улиц от свежевыпавшего снега; 1.5. Замена лотков арычной сети и бортовых камней, поврежденных в результате ДТП;
1.6. Уход за остановочными комплексами (еженедельная мойка конструкций, ежедневная очистка мусорных урн).
2. Содержание уличного освещения Индустриальной зоны (1189 опор наружного освещения) в соответствии с Правилами эксплуатации систем наружного освещения в городе Алматы. 2.1. Контроль за надлежащим освещением в темное время суток; 2.2. Своевременная замена светильников наружного освещения; 2.3. Обеспечение исправного состояния узлов и соответствующего оборудования; 2.4. Устранение повреждений на электросетях и осветительной арматуре; 2.5. Восстановление опор наружного освещения после повреждения в результате ДТП.
3. Содержание Ливневой канализации (очистные сооружения и канализационно-насосная станция). 3.1. Прием и отведение ливневых вод с территории индустриальной зоны; 3.2. Проведение ремонтно-восстановительных работ на дефектных участках ливневой канализации; 3.3. Своевременная откачка резервуаров (накопителей) очистных сооружений; 3.4. Ремонт, замена насосного оборудования.
4. Охрана объектов инфраструктуры, находящихся на балансе ТОО «Индустриальная зона Алматы». 4.1 Обеспечение охраны существующей инфраструктуры (1 (один) пост охраны на стратегических объектах индустриальной зоны, 1 (одна) автомашина с 2 (двумя) сотрудниками мобильной группы оперативного реагирования). |
Қосылу туралы шартқа №1 қосымша
Үлгі
ШАРТҚА ҚОСЫЛУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ
Алматы қ. «___» _________ 202__ жыл
Бұдан әрі – «АИА-ға қатысушы» деп аталатын _____________________ атынан (заңды тұлғаның атауы/аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________________ негізінде әрекет ететін _____________________ «Алматы индустриялық аймағы» ЖШС-нің https://indzone.kz/ мекенжайы бойынша ресми интернет – ресурсында жарияланған 20__ жылғы «___» ____________ Қосылу шартына қосылғанын мәлімдейді. Осы АИА-ға қатысушының Қосылу туралы өтінішіндегі (бұдан әрі - Өтініш) терминдер мен қысқартулар Қосылу шартына (бұдан әрі - Шарт) сәйкес түсіндіріледі. АИА-ға қатысушы: 1. Шарттың талаптарымен танысқанын және оларды ешқандай ескертусіз, алып қоюсыз және өзгертусіз толық көлемде қабылдайтынын; 2. Шартқа қосылу осы Өтініш берілген сәтте қолданылатын талаптарда жүзеге асырылатынымен келісетінін; 3. «Алматы индустриялық аймағы» ЖШС-нің (бұдан әрі – Орындаушы) көрсететін қызметтер үшін уақтылы ақы төлеуді, Шартта көзделген барлық міндеттемені сақтауды шарттың барлық талаптарын орындауға міндеттенетінін; 4. 2026 жылдың 12 айы үшін қызметтер құнының жалпы сомасының 30% (отыз пайызы) мөлшерінде аванстық төлемді Орындаушының есеп шотына аудару арқылы 2025 жылдың 30 маусымына дейінгі мерзімде төлеуге міндеттенетінін; 5. төмендегі деректемелер бойынша Көрсетілген қызметтер актісін ұсынуды сұрайтынын растайды: Атауы: _________ БСН/ЖСН: _________ Заңды мекенжайы: _________ ЖСК: _________ БСК: _________ Банк атауы: _________ e-mail: _________ бухгалтерияның байланыс деректері: _________ АИА-ға қатысушы Өтініштің осы үлгісін Шартқа қосылудың тиісті және жеткілікті растамасы және оның талаптарын қабылдаудың дәлелі ретінде санауды сұрайды. |
Приложение №2 к Договору о присоединении
Форма
ЗАЯВЛЕНИЕ О ПРИСОЕДИНЕНИИ К ДОГОВОРУ
г. Алматы «___» _________ 202__ года
_____________________ (наименование юридического лица/фамилия, имя, отчество (при наличии) физического лица), в лице ___________, действующего на основании ______, именуемый в дальнейшем «Участник ИЗА» заявляет о присоединении к Договору присоединения от «___» ____________ 20__ года, опубликованного на официальном интернет - ресурсе ТОО «Индустриальная зона Алматы» по адресу https://indzone.kz/ (далее – Договор). Термины и сокращения в настоящем Заявлении Участника ИЗА о присоединении (далее - Заявление) трактуются в соответствии с Договором присоединения (далее - Договор). Участник ИЗА подтверждает, что: 1. ознакомлен с условиями Договора и принимает их в полном объеме без каких-либо оговорок, изъятий и изменений; 2. согласен, что присоединение к Договору осуществляется на условиях, действующих на момент подачи настоящего Заявления; 3. обязуется выполнять все условия Договора, включая своевременную оплату за услуги, предоставляемые ТОО «Индустриальная зона Алматы» (далее – Исполнитель) и соблюдение всех предусмотренных в Договоре обязательств; 4. обязуется оплатить авансовый платеж в размере 30% (тридцати процентов) от общей суммы стоимости Услуг за 12 месяцев 2026 года в срок до 30 июня 2025 года путем перечисления на расчетный счет Исполнителя;
5. просит выставлять Акты выполненных услуг по реквизитам ниже: Наименование: _________ БИН/ИИН: _________ Юридический адрес: _________ ИИК: _________ БИК: _________ Наименование Банка: _________ e-mail: _________ контактные данные бухгалтерии: _________ Просит считать настоящую форму Заявления надлежащим и достаточным подтверждением присоединения к Договору и свидетельством принятия его условий.
|
____________________ ________________
(Должность, ФИО)/ (подпись, МП (при наличии))/
(Лауазымы, аты-жөні) (қолы, МП (болған жағдайда))
Отметки Исполнителя о принятии Заявления/ Өтінішті қабылдау туралы Орындаушының белгілері:
«____» _____________ 20___ г./ж.