Компания тарихы

«Индустриальная зона-Алматы» ЖШС жалғыз қатысушының «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар

енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы наурыздағы № 279 қаулысы сәйкес 2015 жылғы 23 қаңтардағы №3 шешімімен құрылған (қазіргі уақытта бұл қаулының күші жойылған, оператор міндеттері мен басқарушы компанияның құрылуы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020» іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы №556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №168 қаулысымен қарастырылған).

«Индустриальная зона-Алматы» ЖШС Жарғысымен келесі қызмет түрлері қарастырылған: «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына сәйкес индустриялық аймақтарды басқару, электр қуатын жеткізу және тарату.